"Канело" Головкинді жылдамдық пен қарымта соққылар арқылы жеңе алады - Маркес

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" Головкинді жылдамдық пен қарымта соққылар арқылы жеңе алады - Маркес © Eurosport

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес өзінің жерлесі Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өткізуі керек болғанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


6 мамырда Лас-Вегаста "Канело" мен Хулио Сезар Чавестің жекпе-жегі өтеді. 

"Бұл жекпе-жекте "Канело" Головкинмен жұдырықтасу керек еді, бірақ, ол Чавесті таңдады. Осыдан кейін Альварес қандай бағыт ұстанатынын көреміз, алайда, ол міндетті түрде Головкинмен жұдырықтасуы керек. Барлығы осы жекпе-жекті көргісі келеді. Егер жақсылап дайындалса, "Канело" жеңіске жете алады. Ал ол әрдайым жақсы дайындалады. 

"Жекпе-жек болады деген үміттемін. Өйткені оны бүкіл әлем күтіп отыр. Головкин мықты, соққысы ауыр. Бұл "Канело" үшін ауыр жекпе-жек болады. Бірақ Альварес жылдамдық пен қарымта соққылар арқылы жеңіске жете алады. Головкинді жұдырықтасқандардың барлығынан мықты етіп тұрған оның күші", - дейді Маркес Fighthub.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкина және "Канело" қыркүйекте жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. 

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +15
Астана +15
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +16
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +19
Қызылорда +19
П
Павлодар +16
Петропавл +18
С
Семей +15
Т
Талдықорған +21
Тараз +22
Түркістан +18
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер