Ковалев пен Уордтың екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ковалев пен Уордтың екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды © AKboxing

Roc Nation және Main Events промоутерлік компаниялары жартылай ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, 33 жастағы америкалық боксшы Андре Уорд (31-0, 15 КО) пен 34 жастағы ресейлік Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің қашан өтетінін ресми жариялады.


Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу 17 тамыз күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін болады. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы PPV жүйесі арқылы ақылы көрсетіледі.

Келесі аптада Нью-Йорк, Окленд және Лос-Анджелес қалаларында екі боксшының қатысуымен пресс-тур өтеді.

"Екінші жекпе-жек өтетініне қуаныштымын. Бұл кездесуде Уорд шаршы алаңға шығады деп ойлаймын. Бокс көрермендері көптен бері көрмеген жақсы бір жекпе-жек көреді. Уордқа қарсы жекпе-жек менің карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек болмақ. Барлық жанкүйерлеріме алғыс білдіремін", - деп келтіреді Ковалевтің сөзін BoxingScene.com порталы.

Еске салайық, WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша Ковалев пен Уорд арасындағы бірінші жекпе-жек 20 қарашы күні Лас-Вегаста өткен еді. Ол жекпе-жектің 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен америкалық боксшы жекпе-жек жеңіске жеткен еді. 

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +15
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +21
Атырау +26
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +21
П
Павлодар +17
Петропавл +20
С
Семей +16
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +21
О
Орал +18
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер