Стокгольмде жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті: қаза болғандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стокгольмде жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті: қаза болғандар бар © twitter.com/ dennis wecker

Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция жаяу жүргіншілерді қаққан күдіктіні ұстады. Швеция премьер-министрі Стефан Левен Стокгольм орталығында жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасын теракт деп бағалады.


Жүк көлігі қатты жылдамдықпен қозғалып көшеде серуендеп жүрген адамдарды қаққан. Жүк көлігі артынша көшедегі бір дүкенге кіріп кеткен, - деп хабарлайды Швеция Радиосы. 

ҚО Сыртқы істер министрлігі және Швециядағы Қазақстан елшілігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

"Швеция астанасындағы біздің дипломаттар зардап шеккендер туралы мәліметті тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта Швециядағы ҚР Елшілігінде Қазақстанның 120 азаматы тіркелген", - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.  


Twitter.com / Lorand Bodo 

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +15
Астана +17
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +23
П
Павлодар +17
Петропавл +20
С
Семей +16
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +23
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер