Синоптиктер Алматыда күн қашан жылынатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Алматыда күн қашан жылынатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері Алматыда күн жылынады деген болжам айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер алдағы күндері Алматыда күн жылынады деген болжам айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сібір антициклонының арқасында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал 10 қаңтардан бастап жылы және ылғалды ауа келіп, ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын болады", - делінген "Қазгидромет" мамандарының Tengrinews.kz жолдаған сауалға берген жауабында.

Алдағы күндерге ауа райы болжамы:

- 6 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Түнгі уақытта ауа температурасы -14-16 градус, ал күндіз  -5-7 градус;

- 7 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңғы уақытта тұман. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта -12-14 градус, күндізгі уақытта -2-4 градус;

- 8 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңғы уақытта тұман. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта -8-10 градус, күндізгі уақытта - 0,+2 градус;

- 9 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта  -5-10 градус, күндізгі уақытта -2+3 градус;

- 10-12 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Секундына 2-7 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта 0,-5 градус, күндізгі уақытта -2+3 градус.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +31
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +30
П
Павлодар +27
Петропавл +34
С
Семей +35
Т
Талдықорған +32
Тараз +38
Түркістан +20
О
Орал +31
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер