Еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғады - Қазгидромет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғады - Қазгидромет © goodfon.ru

Ертең, 15 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Ертең, 15 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының кей жерлерінде қар жауып, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі.

"Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, бұрқасын, тұман күтіледі, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы облысының кей жерлеріне тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді - секундына 15-20 метр.

"Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр. Ал, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болады", - деп хабарлады метеорологтар. 

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +32
Ақтау +25
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +29
П
Павлодар +27
Петропавл +32
С
Семей +35
Т
Талдықорған +30
Тараз +36
Түркістан +22
О
Орал +31
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер