Назарбаев терминдерді қазақ тіліне аударуға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев терминдерді қазақ тіліне аударуға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейбір терминдерді мемлекеттік тілге аударуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейбір терминдерді мемлекеттік тілге аударуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ғалымдарымыз, жалпы біздің халық бір жаңалықты көріп қалса, бірден ұрандатып кететін. Шетелдің және орыстардың сөздерінен құтылғымыз келді. Барлық аударманы жасадық. Айтуға ұяласың", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы бірнеше мысал келтірді.

"Процент" сөзін түркі тілдес сөзге емес, керісінше, парсы тіліне аудардық - "пайыз" деп. Мен мұнымен келіспеймін.  (...) Маған марқұм Еркеғали Рахмадиев былай дейтін: "Мен композитор болдым, кейін "сазгер" болдым. Композитор, пианино сөздерінің несі жаман? Бұлар халықаралық сөздер ғой. Пианино сөзін "күй сандық" деп аудардық. Жалпы, тілімізді байыту үшін кейбір сөздерді аудардық", - дейді Президент.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мұндай терминологияны қазақ тіліне аудару міндетті емес екенін айтып өтті.

"Халықаралық терминдер қазақ тіліне енсе, ол тек қазақ тілін байытады. Мұнымен қоса, ол сөздердің санын арттырады", - деді Президент.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +25
Ақтау +21
Ақтөбе +15
Атырау +18
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +34
П
Павлодар +19
Петропавл +34
С
Семей +35
Т
Талдықорған +28
Тараз +24
Түркістан +15
О
Орал +32
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер