Назарбаев Қарағандыда жас жұбайлармен суретке түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қарағандыда жас жұбайлармен суретке түсті © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыға сапары барысында "Ақ сарай" салтанат үйіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыға сапары барысында "Ақ сарай" салтанат үйіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Елбасы жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтіп жатқан жаңа "Ақ сарай" салтанат сарайына барды.

Қазақстан Президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.

"Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Жас шаңырақ иелері Қазақстан Президентіне жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде "7-20-25" бағдарламасы үшін алғыс білдірді.

Жаңа салтанат сарайы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.73   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер