Аса ауыр салмақтағы чемпиондар сахнада төбелесе жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аса ауыр салмақтағы чемпиондар сахнада төбелесе жаздады © Reuters

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (27-0, 19 КО) мен WBC белбеуінің иегері америкалық Деонтей Уайлдердің (40-0, 39 КО) жекпе-жек алдындағы алғашқы баспасөз мәслихаты төбелеспен аяқтала жаздады, - деп хабарлайды XSport.ua.


Лондонда өткен баспасөз мәслихатында Фьюри қарсыласының рекордын есіне алып, дәл сол орында спаррингке шығуды ұсынды.

"Соққыңның күші туралы айтып берші! 40 жекпе-жектегі 39 нокаут! Мұны көргім келеді, қанекей, спарринг өткізейік. Аздап қытықтасайық! Алабамалық күшіңді көрсетші", - деді Фьюри.

Осыдан кейін боксшылар сахнада жанжалдасып қалды, алайда төбелеске дейін бармады. Осыдан кейін Фьюри кеудесінен итерген Уайлдерді әйелі күштірек нұқитын еді деп мазақ етті. 

Уайлдер - Фьюри жекпе-жегі 1 желтиоқсан Лос-Анджелесте өтеді. Алдағы жекпе-жекке ұлыбританиялық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО), Али Ахмедов (12-0, 9 КО) және Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) сынды қазақстандықтардың бапкері Абель Санчестің залында жаттығады.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +18
Ақтау +22
Ақтөбе +19
Атырау +25
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +19
П
Павлодар +16
Петропавл +19
С
Семей +15
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +20
О
Орал +18
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер