Головкин мен WBA чемпионы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөз басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен WBA чемпионы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөз басталды © vk.com/ggolovkin

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер екінші орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы британиялық Каллум Смиттің (25-0, 18 КО) ісін жүргізетін әріптесі Эдди Хирнмен келіссөзді бастады. Бұл туралы talkSports тілшісі Майкл Бенсон мәлімдеді.


Головкин - Смит жекпе-жегі 2019 жылы "Ливерпуль" футбол клубы матчтарын өткізетін "Энфилд" стадионында болуы мүмкін.

"Хирн бүгін Леффлермен WBA және The Ring белбеуі үшін Смит - Головкин жекпе-жегін келесі жылы мамырда "Энфилд" стадионында өткізуді талқылады", - дейді Бенсон.

Қазан айының соңында Леффлер алғаш рет Головкин - Смит кездесуі туралы айтып, өзге британиялық Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) допингке байланысты белбеуінен айырылғандықтан онымен жекпе-жек өткізбейтінін нақтылап кеткен болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +13
Астана +14
Ақтау +21
Ақтөбе +16
Атырау +21
Б
Балқаш +14
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +18
Қызылорда +16
П
Павлодар +16
Петропавл +17
С
Семей +14
Т
Талдықорған +20
Тараз +21
Түркістан +17
О
Орал +17
Ө
Өскемен +19
Ш
Шымкент +18

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер