19 наурыз 2019 13:36

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейіржан Мырзалиев. © ontustik.gov.kz Мейіржан Мырзалиев. © ontustik.gov.kz

Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Мейіржан Мырзалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Мейіржан Мырзалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мейіржан Мырзалиев 1980 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2006 жылы - М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 2011 жылы - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебін, 2016 жылы - АҚШ-тағы Дьюк университетінде білім алған. 

Еңбек өтілі:

Алматы қаласының әкімдігі: құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); заң және әкімшілік бөлімінің басшысы (2005-2007).

ҚР премьер-министрінің Кеңсесі: индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009); бизнес-орта және инновациялар секторының меңгерушісі (2009-2011); мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013).

Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) (Вашингтон, АҚШ, 2015): ауыл шаруашылығында бизнесті дамыту бойынша тәжірибе.

ҚР премьер-министрінің Кеңсесі: ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), ҚР премьер-министрінің кеңесшісі (2017).

2017 жылы қаңтардан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін сөйлейді. 

Үйленген, екі ұл және екі қыз тәрбиелеп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети