Президент бірқатар тағайындау жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент бірқатар тағайындау жүргізді Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Сонымен Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды;

Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Марат Әбілахатұлы Оразаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды;

Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды.

Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды;

Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +20
Ақтау +25
Ақтөбе +23
Атырау +21
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +20
Т
Талдықорған +22
Тараз +26
Түркістан +16
О
Орал +16
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер