Арыста қанша үй жөндеуден өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста қанша үй жөндеуден өтеді?

Арыстағы жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны - 21. Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған. Қазіргі таңда күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынатын болады. Үй иелері уақытша орынға жайғасты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жалпы Арыс қаласында 7700-ден аса үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен және барлығы жөндеуден өтеді. 

Айта кетейік, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170  арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді.

Сондай-ақ, Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға, әсіресе балаларға алғашқы  күннен бастап 180 ерікті практик-психолог пен педагог-психолог көмек көрсетуде. Себебі мұндай ауыр соққы алған сәбидің күні ертең қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін.

24 мыңнан аса адам эвакуацияланған орталықтарда сәбилердің жан-дүниесіндегі соққыны емдеген гештальт-терапевт психологтар қазір Арыс қаласында да емдік шараларын жүргізуде.

Қазіргі таңда тұрғындардың бастан кешкен эмоцияларын зерттеу,  болған оқиғаны түсіндіру – психологтардың негізгі терапиясы болып отыр. 

Сондай-ақ еріктілер халық арасында бактериологиялық қару-жарақ, радиация және апаттан көптеген адам қайтыс болды деген ақпараттың жалған екенін түсіндіріп жүр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +30
Ақтөбе +30
Атырау +25
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +29
П
Павлодар +31
Петропавл +28
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +30
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер