Шілдеде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілдеде ауа райы қандай болады? © ves-novgorod.ru

Синоптиктер 2019 жылғы шілде айына арналған консультативтік болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанады: батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады.

"Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +17+26ºС-қа дейін төмендеуі болжанады. Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33ºС-қа дейін төмендеуімен қатар нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды", - дейді мамандар.

Ал екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15ºС-тан +15+20ºС-қа дейін, күндіз +25+30ºС-тан +30+38-қа дейін ауытқиды; республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде +15+20ºС-тан+20+30ºС-қа дейін, күндіз +30+38ºС-тан +35+45ºС-қа дейін ауытқитыны айтылады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +30
Ақтау +29
Ақтөбе +31
Атырау +24
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +29
П
Павлодар +32
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +30
О
Орал +30
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер