Алматының жаңа әкімі "Шұғыла" ықшамауданына 1 тамызға дейін газ тартуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының жаңа әкімі "Шұғыла" ықшамауданына 1 тамызға дейін газ тартуға уәде берді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы ықшамаудандардың біріне газ тарту мәселесені ерекше бақылауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 


"Шұғыла мөлтек ауданында газбен қамту өзекті мәселе. 1 тамызға дейін газ келеді. Ол менің ерекше бақылауымда", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, қала әкімі Наурызбай ауданында болды. Ол тұрғындармен кездесіп, толғандыратын мәселелерді талқылады, олар: ауыз су, абаттандыру, инфрақұрылым және электрмен жабдықтау мәселелері.

"Іс-қимылдың арнайы жоспары жасалатын болады. Аудан әкіміне тиісті тапсырмалар берілді. Олар менің жеке бақылауымда", - деді Сағынтаев. 

Осыған дейін, қала басшысы ЖЭО-2 жұмысына қатысты газға көшіру, жаңа фильтрлер қою және басқа да күрделі мәселелерді шешуді тапсырған еді.

"Жете зерттеп, пысықтау қажет. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына осы іске қатысты сараптама жүргізіп, #ЖЭО2 дамыту бойынша ұсыныс беруді тапсырдым", - деп жазды әкім.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +30
Ақтау +29
Ақтөбе +31
Атырау +24
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +29
П
Павлодар +32
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +30
О
Орал +30
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер