Танымал әзілкеш басшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әзілкеш басшы болды Нұрдәулет Шертім. © instagram.com/nurdaulet_shertim

"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады. 

"Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат беру. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іспен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", - деді ол.

"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. 

Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеуметтік желіде құттықтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TOBET_TOP_TEAM???????????? (@tobet_top_team)

"@nurdaulet_shertim Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз", - делінген жазбада. 


Нұрдәулет Шертім отбасымен.

Қарашаның 1-5 аралығында Италияда панкратионнан чемпионат өтеді. Оған 25 қазақстандық балуан қатысады. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +27
Ақтөбе +28
Атырау +23
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +31
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +30
О
Орал +28
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер