Алаяқтар Homebank.kz сайтының көшірмесін жасаған

Алаяқтар Homebank.kz сайтының көшірмесін жасаған Tengrinews.kz фотоколлажы

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі homebank.kz сайтына ұқсас жаңа фишингтік интернет-ресурстарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мекеменің сайтына сілтеме жасап. 


"KZ-CERT қызметіне homebank.kz сайтын қайталайтын күдікті интернет-ресурстарына арыздар түсіп әлі де түсіп жатыр. Нәтижесінде бес фишингтік интернет-ресурс анықталды. Олар: homekzbank.com; kzhomebank.com; homkzbank.com; html.rocketfirm.com/halyk-card-to-card; homebankr.com/login/", - делінген хабарламада.

Талдау алаяқтардың әрекеттерінің алгоритмі сақталғанын көрсетті. Телефон нөмірін, сәйкестендіргішті енгізіп, my Halyk жүйесіне кіріп, құпиясөзбен растағаннан кейін, пайдаланушы SMS-код арқылы растау қажет болатын формаға қайта жіберіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, шілдеде homebank.kz сайтының көшірмесін жасаған жеті фишингтік интернет-ресурс анықталған болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +28
Ақтау +27
Ақтөбе +26
Атырау +29
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +28
П
Павлодар +31
Петропавл +27
С
Семей +26
Т
Талдықорған +29
Тараз +35
Түркістан +25
О
Орал +24
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер