08 қазан 2019 09:21

Қазақстан футбол федерациясы шұғыл мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков. © kff.kz Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков. © kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков шұғыл жиын өткізіп, Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысын өткізуге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков шұғыл жиын өткізіп, Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысын өткізуге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ең алдымен жиында УЕФА-дан түскен ақпарат туралы айтылған. Спорт саласында ақпарат жинап, талдау жасайтын Sportradar корпорациясы Еуропалық футбол қауымдастығына қазақстандық кәсіпқой футбол клубтарының ойындарында спорттық тартыстың қағидалары сақталмайтынын хабарлаған.

"Sportradar корпорациясы - бәс тігуде күмәнді мәліметтерді талдайтын сараптамалық ұйым. Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Біріншілігінің ойындары сол мәліметтерге іліккен. "Ақтөбе" футбол клубының жанынан құрылған "Ақтөбе-Жас" жастар командасының осы іске қатысы бар екені анықталған. Жиынға "Ақтөбе" командасының бас директоры Самат Смақов шақырылды", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, талдықорғандық "Жетісу Б" командасының ойыншысының де осы іске қатысы бар екені анықталған. Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысы жақын арада өтеді.

Отандық футбол жетекшісінің бастамасымен өткен кездесуге ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев, Төрешілердің сараптамалық комиссиясының төрағасы Сергей Кенетаев, сонымен қатар, ҚФФ заң департаментінің директоры әрі Integrity officer Әлібек Нұрсейітов қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети