10 қазан 2019 14:36

Түркістан облысында ер адам көршісінің қымбат көлігін мініп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1gai.ru © 1gai.ru

Түркістан облысында көршісінің көлігін рұқсатсыз мінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысында көршісінің көлігін рұқсатсыз мінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция басқармасына таңғы 7:30-дар шамасында жергілікті тұрғын арызданып, ауласында тұрған көлігінің таңертең жоқ болғанын және белгісіз біреулердің айдап кетуі мүмкін екенін айтады. Түлкібас АПБ-нің полицейлері арызданған тұрғынның көлігін табу үшін бірден бүкіл жеке құрамға, кезекшілікке хабарлап, жәбірленушімен бірге жолға шығып кетеді. Яғни, ұрланған көлікті тездетіп табу мақсатында Түлкібас АПБ-нің тәжірибелі полицейі полиция майоры Әлімжан Қарақұлов ауданның маңызды жолдарын аралаудан бастайды", - делінген хабарламада. 

Осылайша қызметтік көлігімен келе жатып, Түлкібас ауданынан 20 шақырым жерден ұрланған көлікті кездестіреді. Белгілі болғандай шын мәнінде белгісіз тұлға күдіктінің көлігін түнгі уақытта айдап кетіп, арам пиғылын іске асырмақшы болған. Алайда, дер кезінде іздестіру әрекеттеріне көшкен қырағы полицейлердің арқасында күдіктінің қылмыстық ісі әшкере болды.

Жәбірленушінің айтуы бойынша көлікті айдап кеткен күдікті оның көршісі екен. Бүгінгі таңда аталған жайт Түлкібас АПБ қызметкерлерімен тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы ("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, күдіктінің не мақсатпен көршісінің көлігін айдап кеткені анықталу үстінде.Тәркіленген автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

"Автокөлікті айдап кетушілердің құрбанына айналмас үшін, Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне сақтық шараларын қолдануды ескертеді. Өз автокөліктеріңізді есік алдына немесе көше тұрағына қойғанда кілтті оталдыру тетігінде қалдырмаған жөн. Есік пен жүк салғышты үнемі жабық ұстап, көлік ішінде құжат, ақша және басқа да бағалы заттарды қалдырмау керек. Мүмкіндігінше көліктеріңізге сенімді күзет дабылын орнатыңыз. Егер де сіз, автокөлікті айдап кетушілердің куәсі немесе құрбаны болсаңыз, онда уақыт жоғалтпастан тез арада Түркістан облысы тәртіп сақшыларының "102" пультіне хабарласыңыз", - деп түйіндеді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети