11 қазан 2019 09:36

Атырау перзентханасындағы сәби өлімі: Дәрігерлер Президентке хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына сәби қайтыс болған Атырау облыстық перинаталдық орталықтың 23 қызметкерінің атынан жазылған хат жарияланды. Бұл туралы "Ақ Жайық" хабарлады.


10 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына сәби қайтыс болған Атырау облыстық перинаталдық орталықтың 23 қызметкерінің атынан жазылған хат жарияланды. Бұл туралы "Ақ Жайық" хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іс сотқа жетпей жатып, ақпаратты БАҚ-қа таратып жіберді. Бұл перинаталдық орталықтың дәрігерлерін қылмыскерлермен бір қатарға қойғаны деген сөз. Дәрігерлер мен халықтың арасында сызат түсіп, ол тереңдеді. Біз әріптестерімізді ақтамаймыз, олардың кінәсін лайықты органдар анықтайды. Біздің көңілімізді түсіретіні істе сот үкімі шықпай жатып, жұрттың мұны талқылап, бізді қылмыскер санайтыны. Мұндай жағдайда өз міндетімізді толық атқару мүмкін емес, сондықтан біз жұмыстан шығуға мәжбүрміз", - делінген хатта. 

Мұның алдында әлеуметтік желілерде облыстық перинаталдық орталықтың гинекология бөлімінің жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы Бағыт Шұқабаеваның видеосы таралған еді. Онда ол былай дейді: 

"Өз жұмысымызды атқарудан бөлек, біз жауап алуға барамыз. Ерте бастан БАҚ-қа жариялау, әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлер - 31 адамның жұмыстан кету туралы арыз бергеніне негізгі себеп". 

Алайда перинаталдық орталықтың өз қалауымен жұмыстан кету туралы арыз жазған 31 қызметкері әлі де штат режимінде жұмыс істеп жатыр. Олар өз арыздарын қайтып алмапты. 

"Олар райынан қайтып отырған жоқ", - деп мәлімдеді медициналық мекеменің баспасөз қызметіндегілер. Мекемеде 400-ден аса адам жұмыс істейді, олардың 62-сі дәрігер. 

"Даусын естімедім". Атырауда көз жұмған нәрестенің анасы

Еске салайық, 30 қыркүйекте Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қуаныш Нысанабев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржан жаңа туған сәбиті өлтірді деген күдікпен ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің нұсқасы бойынша, тірі туған шақалақты олар толтырып қойған құжатты өзгертпеу үшін мұздатқышқа салып қойған. Осыдан кейін қоғам бұл оқиғаны қызу талқылай бастаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети