2019 жылы қанша шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы қанша шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді? © unsplash.com

2019 жылы 20 557 шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрліктің мәліметінше, оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары)  816, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4 595 рұқсат шығарылды. 

"Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді -  9 656 адам және 1 769 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 2 156, корпоратив ауысым аясында жұмыс істеуге 1 565 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктегілердің мәліметінше, еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай - 4 397 адам, Өзбекстан -  2 254 адам, Үндістан - 1 819, Түркия - 1 845, Ұлыбритания - 1 420 адам.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +13
П
Павлодар +16
Петропавл +15
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +20
О
Орал +14
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер