Түркістанда жеті көлік соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда жеті көлік соқтығысты © Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында жеті көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Полицейлердің мәліметінше, 25 қарашада сағат 13:00 шамасында Сарыағаш ауданына қарасты Алматы-Термез тасжолында жол апаты болған. 7 автокөлік Volvo, Toyota, "Газель", Chevrolet, "ВАЗ"  және Daewoo соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы ауа райының қолайсыздығы яғни асфальт бетінің мұзданып, тайғақ болуы салдарынан болған. Оқиға орнына тез арада өңірлік ПД мен Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері шықты. ЖКО-нан зардап шеккендер мен ауруханаға түскендер жоқ, автокөліктерге материалдық шығын келтірілген.

Сондай-ақ, полицейлердің мәліметінше, жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша ("Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан")  4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +13
П
Павлодар +16
Петропавл +15
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +20
О
Орал +14
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер