09 желтоқсан 2019 20:44

Тоқаевқа "Қазақстан инжинирингтің" ретсіз шығындары баяндалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қорғаныс министрлігіне, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына және "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Есеп комитетінің төрағасы "Қазақстан инжиниринг" компаниясының қаржылық-шаруашылық жұмысындағы ретсіз шығындар, қарыз жүктемелерінің артуы, холдингтегі өндіріс жүйесінің әбден ескіргені жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы аудит қорытындысы бойынша жинақталған материалдарды өкілетті органдарға жолдауды, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Президент премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың есебін тыңдады. Онда Үкіметтің еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж тұрғындардың жағдайына қатысты атқарып жатқан жұмысы туралы айтылды. 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек, ең алдымен, аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі.

Мемлекет басшысы облыстардағы азаматтардың арыз-шағымдарын әділ әрі тиімді қарастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Осыған байланысты барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігі айтарлықтай артатын болады.

Кездесу барысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін сапалы жүзеге асыру мәселесі де қарастырылды. Үкіметке нақты тапсырмалар берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети