16 желтоқсан 2019 10:14

Әлемнің ең қуатты елдерінің рейтингі: Қазақстан екі сатыға төмен түсті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cурет: Тұрар Қазанғапов Cурет: Тұрар Қазанғапов

U.S.News басылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең қуатты елдерінің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


U.S.News басылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең қуатты елдерінің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімді Пенсильвания Университетінің BAV Group және Wharton School талдаушылары жасаған. Онда елдердің экономикасы, саяси аренаға ықпалы, әскери қуаты мен әлемдегі көшбасшылық және халықаралық альянстарға қатысулары негізге алынды.

Бірінші орында АҚШ тұр. Сарапшылар Американың экономикасын ең мықты деп мойындады. Сонымен қатар, Вашингтонның әскери бюджеті әлемдегі ең үлкен болып саналады. Мықтылар арасында екінші орынды Ресей алды. Ал Қытай көшбасшылардың үштігін қорытындылады.

Үздік ондыққа Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Израиль, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Корея кірді.

Қазақстан 43-орынды иеленді, өткен жылмен салыстырғанда бұл екі позицияға төмен (2018 жылы 41-орын болған).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети