Жамбыл облысында екі жұмысшыны пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында екі жұмысшыны пойыз басып кетті

Жамбыл облысында пойыз астына түскен екі адам қаза тапты. Тергеу шаралары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Биыл 13 қаңтарда Жамбыл облысындағы Бел станциясына кіреберіс жерде Алматы - Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының локомотиві екі адамды қағып кеткен. Олар алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға орнына Шу станциясының тізбектегі полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанған. Қаза тапқандардың кім екендері анықталды. Олар 33 жастағы және 44 жастағы теміржол ұйымының бірінде істейтін жұмысшылар екені анықталды", - делінген полиция хабарламасында. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы басталған. 

Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +17
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +22
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +13
П
Павлодар +22
Петропавл +15
С
Семей +17
Т
Талдықорған +23
Тараз +28
Түркістан +15
О
Орал +11
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер