15 қаңтар 2020 17:31

Ақмола облысында станция басшысы пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Ақмола бөлімшесінің "Көкшетау-1" станциясының бастығы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ" ҰК" АҚ жүк тасымалы жолының Ақмола бөлімшесінің "Көкшетау-1" станциясының басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында алкогольдік мас күйінде болу дерегінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды", - делінген хабарламада. 

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети