18 ақпан 2024 11:55

Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған кадр видеодан алынған кадр

Абай ​​облысында мал бағуға шыққан ер адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай ​​облысында мал бағуға шыққан ер адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 ақпанда сағат 07:00-де Абай ауданының полиция бөліміне хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалықтарының бірінің 54 жастағы шопаны туралы ақпарат түскен. Ер адам жайылымға 532 бас қой бағып кеткен.

Шопанды іздеу бойынша жедел штаб құрылып, аудандық полицияның, Төтенше жағдайлар бөлімінің, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігінің жеке құрамы жұмылдырылды.

"30-дан астам қызметкер 4 УАЗ автокөлігінде, ЗИЛ-131 көлігінде және 2 Нива-МАРШ көлігінде ауа-райының қолайсыздығында далада адам іздеуді бірлесіп жүзеге асырды. Аяз күшейе түсті, дрон ұшыру қиын болды, төмен температураға байланысты ол істен шықты, іздеу аумағын жаяу айналып өту керек болды", - делінген хабарламада.

Іздеу екі тәулік бойы жүргізіліп, нәтижесінде өзінің қыстауынан 30 шақырым жерде шопан тірі табылды.

"Ер адам далада қатты дауылдың салдарынан бағытын өзгерткен. Жағдайы бірқалыпты. Сол күні қойшыны дәрігерлер тексерген, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мал да шаруа қожалығына шығынсыз қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети