АҚШ Қырымды Ресейге тиесілі деп тануға дайын – Bloomberg

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

АҚШ Қырымды Ресейдің жері ретінде тануға дайын болуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Қырымды Ресейдің жері ретінде тануға дайын болуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған кеңейтілген бейбіт келісімге қол жеткізуді көздеп отыр. 18 сәуірде Трамп пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио келіссөздерде ілгерілеу болмаса, АҚШ бұл процестен шығуы мүмкін екенін айтқан.

Халықаралық құқыққа қайшы

Қырымды ресейге тиесілі деп тану халықаралық құқық пен күш қолдану арқылы территорияны басып алуға тыйым салатын келісімдерге қайшы болмақ. Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін бірнеше мәрте Қырымнан немесе басқа жерлерден бас тартпайтынын мәлімдеген. Ал бұл шешім Ресей президенті Владимир Путин үшін үлкен дипломатиялық жеңіс болар еді, себебі Кремль Қырымның ресейге тиесілі екенін мойындатуға талпынып келеді.

Алайда бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданбаған. Келіссөздер барысымен таныс америкалық шенеунік бұл тақырыпқа пікір білдіруден бас тартқан.

Бейбіт келісім жобасы қандай?

Bloomberg-тің дерегінше, АҚШ өз одақтастарына ұсынған бейбіт келісім жобасында ресей басып алған жерлерді Мәскеудің бақылауында қалдыру, санкцияларды жұмсарту және Украинаның НАТО-ға ұмтылысын тоқтату ұсынылған.

Батыс елдерінің көпшілігі Қырымды, сондай-ақ ресей 2022 жылы қосып алған Донбасс, Херсон мен Запорожье облыстарын Ресей жері деп мойындамай отыр. Мәскеу бұл аймақтардың мәртебесі туралы мәселе жабық деп есептейді, ал Киев өз аумағынан бас тартуға қарсы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer