04 ақпан 2024 14:12

Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақстан теннис федерациясы Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.

Екі сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Александр Бубликтің финалда хорватиялық Борна Чоричпен ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети