16 наурыз 2024 17:00

Алматы облысының тұрғындарын тас жол бойында топырлаған полицейлер туралы хабар шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: әлеуметтік желі Фото: әлеуметтік желі

Оңтүстік өңірлердің тұрғындары арасында қалада, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда жол полициясы қызметкерлері көбейгені туралы аноним хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік өңірлердің тұрғындары арасында қалада, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда жол полициясы қызметкерлері көбейгені туралы аноним хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарасай ауданында және Алматы облысында Астанадан жұмыс жүріп жатыр, біздің полиция қызметкерлері Таразға жіберілді, ол жақтан бізге 135 көлікпен полиция қызметкерлері жіберді. Белбеу, "поворотник", фаралар, телефон, тонировка, егер жолға қоқыс тастасаңыз, бәрін тексеріп жатыр. Барлығы бірден камераға түсіріліп, рәсімделеді. Сақ болыңыздар", - делінген алматылықтардың бір-біріне жіберген аноним аудиохабарламасында.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, облыста "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр.

"Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары, облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында биылғы 12-20 наурыз аралығында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлаймыз", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Ал Жамбыл облысының полициясы өз өңірінде мүлдем басқа жедел-профилактикалық іс-шара болып жатқанын хабарлады.

"Қазір бізде "Құқықтық тәртіп" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, - деді Жамбыл облыстық жол полициясы басқармасының инспекторы Гүлдана Әпиза.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети