17 қыркүйек 2023 11:13

Алматыда әйел мен оның екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда әйел мен кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда әйел мен кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, күдікті - 1982 жылғы Алматының тұрғыны.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") және 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының өлі табылғаны туралы хабар жеткен. Күдікті қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети