07 қыркүйек 2023 17:52

Алматыда жүргізушілер Абай даңғылындағы автобус жолағын алып тастауды сұрайды: әкімдік жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Алматыда жүргізушілер Абай даңғылының жаңа бөлігіндегі автобус жолағын алып тастауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жүргізушілер Абай даңғылының жаңа бөлігіндегі автобус жолағын алып тастауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде көлік иелерінің өтініші пайда болды. Олардың айтуынша, жаздың аяғында Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданына қарай қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ пайда болған. Содан бері жолдың бұл бөлігінде кептеліс көбейген, ал жеңіл көліктерге арналған үш жолақты жол екіге дейін тарылған. Осыған байланысты жүргізушілер арнайы жолақты алып тастауды сұрады.

Бұл жазбаға әкімдік қызметкерлері пікір қалдырған. Қалалық мобильділік басқармасы өкілдерінің мәліметінше, арнайы жолақ жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша салынған.

"Абай даңғылының ескі бөлігінде автобус жолағы бары белгілі. Даңғыл ұзартылғаннан кейін Әшімов көшесіне автобус жолағын бөлу туралы шешім қабылданды. Себебі бұл учаскеде күн сайын Наурызбай және Әуезов аудандарының, сондай-ақ, қала маңындағы 25 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсететін бес қоғамдық көлік жүреді.

Сонымен қатар, әкімнің Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар осы учаскеде автобус жолағын ұйымдастыруды қарастыру туралы өтініш білдірді", - деді шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети