16 қараша 2023 18:44

Асхат Оқасов ЖАСҰО енгізіп жатқан цифрлық инновациялар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы бас директорының орынбасары халықаралық конференцияда баяндама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жол активтері сапасының ұлттық орталығы бас директорының орынбасары халықаралық конференцияда баяндама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы он тоғызыншы халықаралық Kaztraffic-2023 көрмесіне, сондай-ақ көрме аясында ұйымдастырылған "Инновациялар мен инфрақұрылым тоғысы: жол саласын дамыту формуласы" атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Бүгінгі таңда орталық қазақстандық елді мекендердің жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен көшелеріндегі жұмыс пен материалдардың сапасына сараптама жүргізетін бірыңғай уәкілетті орган болып табылады.

Іс-шараға Жол активтері сапасының ұлттық орталығы атынан бас директордың орынбасары Асхат Оқасов қатысты. Ол барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада компанияның 15 сынақ зертханасымен жабдықталған 18 филиалы бар екенін айтты. Олардың барлығы ISO 17025 стандартының және ILAC халықаралық зертханалық аккредиттеу ұйымының талаптарына сәйкес аккредиттелген.

"Біз жол-құрылыс материалдарын сынаудың 200-ден астам түрін жүргіземіз. ЖАСҰО іске қосылғалы бері шамамен 135 мың ЖҚМ үлгісі сынақтан өткізілді. Жоғарыда аталған сапаны бағалау процестерінің барлығы толығымен цифрландырылып, "KazRoudLab" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілді", - деп бөлісті ЖАСҰО бас директорының орынбасары Асхат Оқасов.

Ол сондай-ақ аудиторияға кәсіпорынның жұмыс процесінде адам факторын барынша азайтуға күш салуы туралы ақпаратты ұсынды.

"Қазіргі таңда "KazRoudLab" жүйесі жол-құрылыс материалдарын сынау процестерін автоматтандыру тұрғысынан жетілдіріліп жатыр, бұл адам факторының түпкілікті нәтижеге әсерін болдырмайды.

Сынақ зертханасындағы жабдық бір серверге қосылған, сынақ кезінде алынған барлық мән "KazRoudLab" жүйесіне автоматты түрде жүктеледі. Әрі қарай жүйе алынған деректерді белгілі алгоритмдер арқылы өңдейді және соңғы нәтижелер сынақ хаттамасында автоматты түрде көрсетіледі. Астана қаласындағы зертханаларда сынақты автоматтандыру пилоттық режимде енгізіліп жатыр, кәсіпорынның барлық саласын бұл жүйеге көшіру 2024 жылға жоспарланған", - деп түсіндірді Асхат Оқасов.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 2019 жылы құрылды. Компания автожол жобаларының 100%-ын республикалық желіде және 75%-ын жергілікті желіде сараптамамен қамтиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети