Астанада жеке үйлер өртеніп, құтқарушылар бес газ баллонын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жеке үйлер өртеніп, құтқарушылар бес газ баллонын шығарды Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанадағы Толстой көшесінде қатар орналасқан бірнеше жеке үйден өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге құтқарушылар жұмылдырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанадағы Толстой көшесінде қатар орналасқан бірнеше жеке үйден өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге құтқарушылар жұмылдырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде екі жеке үй мен бір шаруашылық құрылыстың шатыры жанып жатқаны анықталды. Бұған дейін үш жеке үйден өрт шыққаны хабарланған еді.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру оқпаны іске қосылып, су үздіксіз берілді. Ведомство ақпаратына сүйенсек, өрттің қарқынды таралуы мен қою түтін сөндіру жұмыстарын қиындатқан.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ кейін ашық жалын басылғанын хабарлады. Қазір жасырын жану ошақтарының алдын алу үшін конструкцияларды бөлшектеу және су шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ құтқарушылар жанып жатқан аумақтан бес газ баллонын шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды.

Өрт оқшауланды. Төтенше жағдайлар министрлігі өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +30
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +21
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +32
П
Павлодар +29
Петропавл +31
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +35
Түркістан +19
О
Орал +30
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер