Астанада құрылғы сынып кетті: мүгедектігі бар әйел арбадан құлап түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада құрылғы сынып кетті: мүгедектігі бар әйел арбадан құлап түсті Видео кадры

Астанада мүгедектігі бар әйелді көтеріп тұрған көтергіштің бекітпелері ажырап кетті. Соның салдарынан әйел арбадан құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриотқа" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мүгедектігі бар әйелді көтеріп тұрған көтергіштің бекітпелері ажырап кетті. Соның салдарынан әйел арбадан құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриотқа" сілтеме жасап.

Оқиға азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта болған. Құрылғы төмен құлап, зардап шеккен әйел арбадан түсіп, бетон қоршауға соғылған. Әйелдің бетінде үлкен ісік қалған. Оны алып жүрген көмекші оны ұстап үлгермеген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнур Балакешова (@patriotkaragandy)

Зардап шеккен әйел - бірінші топ мүгедегі, омыртқасын жұмыста жарақаттаған. Қазір ол емделу мен оңалтуға өтемақы төлеуді сот арқылы талап етіп жүр. Оқиға болған күні сот процесіне өзі қатысу үшін келген.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірінші топ мүгедегінің соққыға жығылғаны туралы туыстары хабарлаған. Олар мемлекеттік органдарды тексеріс жүргізуге шақырып, өңірлік полиция тергеуді бастаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети