28 қаңтар 2024 15:46

Атырау облысында 36 бас киіктің өлексесі табылды: полиция тергеуді бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Атырау облысының полицейлері даладан табылған киік өлекселері бойынша ісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысының полицейлері даладан табылған киік өлекселері бойынша ісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Қаметов әлеуметтік желіде 26 қаңтарда Махамбет ауданы Таңдай ауылдық округіне қарасты Қалмақты ауылы маңынан жергілікті тұрғындар мүйізі жоқ, ішкі ағзалары алынған 38 бас киіктің өлексесін тапқанын хабарлады.

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша Махамбет аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Комитет Атырау облысының аумағында киік санын реттеу шаралары киіктерді және оның дериваттарын реттеу механизмі бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес, 2024 жылғы 16 қаңтарда басталғанын хабарлады.

Киіктердің санын реттеу "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторларының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

"Бекітілген алгоритмге сәйкес реттеу нәтижесінде алынған киік ұшалары міндетті түрде асқазан-ішек жолын алып тастап, ішкі мүшелері, басы және терісімен ветеринарлық бақылау үшін ет комбинаттарына жіберіледі, мал дәрігерлері ұшаларды қарап байқаған соң ветеринариялық анықтама береді. Киік мүйіздері белгіленген талаптарды сақтай отырып, "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК дериваттарға есеп жүргізетін жауапты қызметкерінің және аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекцияларының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен бөлінеді және кейіннен "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК сақтауға жіберу үшін міндетті түрде таңбалауға жатады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети