“Бейбітшілікке қауіп“ - БҰҰ бас хатшысы АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылына қатысты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
instagram.com/antonioguterres instagram.com/antonioguterres

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иран аумағындағы ядролық нысандарға жасаған шабуылына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иран аумағындағы ядролық нысандарға жасаған шабуылына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі жазбасында бөлісті.

"Мен АҚШ-тың Иранға қарсы бүгін күш қолданғанына уайымдаймын. Бұл - онсыз да шиеленіскен өңірдегі қауіпті эскалация және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қауіп. Қақтығыс бақылаудан шығып кету қаупі артып барады, ал бұл бейбіт тұрғындар, өңір мен бүкіл планета үшін апатты салдарға әкелуі мүмкін", – деп жазды Гутерриш X желісінде.

Ол елдерді ахуалды ушықтырмауға және БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес міндеттемелерін орындауға шақырды.

"Бұл әскери жолмен шешілмейді. Алға бастар жалғыз жол - дипломатия. Жалғыз үміт - бейбітшілік", – деп түйіндеді Бас хатшы.

Иран тарапы АҚШ-тың елдегі ядролық нысандарға жасаған шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани мәлімдеді.

"Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін бұл жабайы әрі қылмыстық әрекеттердің ауыр салдарын ескере отырып, Иран Ислам Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін осы өрескел әрі заңсыз агрессия актісін дереу талқылау үшін шұғыл отырыс өткізуге шақырады", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer