Бейжіңдегі жартылай марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжіңдегі жартылай марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды Бейнеден кадрлар

Бейжіңде ерекше жартылай марафон өтті. Онда тарихта алғаш рет гуманоид роботтар адамдардан озып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


Бейжіңде ерекше жартылай марафон өтті. Онда тарихта алғаш рет гуманоид роботтар адамдардан озып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Жарыс жеңімпазы Shandian роботы атанды, ол 21 шақырымды 50 минут 26 секундта бағындырды. Бұл ретте Lightning роботы қашықты бәрінен жылдам өтті - 48 минут 19 секунд, алайда жарыс ережелеріне байланысты ол ресми жеңімпаз деп танылмады.

Салыстырмалы түрде айтсақ, ерлер арасындағы жартылай марафондағы әлемдік рекорд угандалық желаяқ Джейкоб Киплимоға тиесілі - 57 минут 20 секунд. Бұл көрсеткіш наурызда Лиссабон жартылай марафонында тіркелген болатын.

Айта кетейік, бұдан бір жыл бұрын Бейжіңдегі мұндай жарыста ең үздік робот қашықты 2 сағат 40 минуттан аса уақытта жүріп өткен еді. Бұл технологияның қарыштап дамып келе жатқанын аңғартады.

Жарысқа мыңдаған адаммен қатар 100-ден аса компания мен зерттеу орталықтарының роботтары қатысты. Қауіпсіздік үшін трасса бөлінді: адамдар мен машиналар бөлек жолда жүгірді.

Роботтардың мүмкіндіктерін әртүрлі жағдайда тексеру үшін маршрут тегіс жерлерден бастап, өрлеу, бұрылыс және тар аймақтарға дейінгі беткейдің 10-нан аса түрін қамтыды.

Жарыс кезінде роботтардың бірі тіпті қимыл-қозғалыс пен дауыс арқылы пәрмен беріп, жол реттеушісі қызметін атқарды.

Кейбір роботтар қашықты бағындыра алмады: бірі стартта құлап қалса, екіншісі қоршауға соғылды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, машиналардың шамамен 40 пайызы автоном түрде қозғалған, қалғандары қашықтан басқарылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.35   553.13   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер