17 наурыз 2022 17:55

Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді - ҚМА

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевқа қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевқа қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген агенттіктің Telegram-арнадағы хабарламасында.

17 наурызда Боранбаевқа қатысты сот екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады..

"Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді агенттік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети