Иран АҚШ базаларына соққы беруді жоспарлап отыр

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Кадрлер видеодан

Иран Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына соққы беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fars агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Иран Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына соққы беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fars агенттігіне сілтеме жасап.

Әскери қолбасшылықтың жоспарларымен таныс дереккөздің айтуынша, Израильмен туындаған қақтығыс салдарынан басталған қарсыласу тек Израиль аумағымен шектелмей, аймақтағы АҚШ нысандарын да қамтуы мүмкін.

Агенттік мәліметінше, кешеден басталған соққылар бір реттік емес – олар жалғасады.

Сонымен қатар, Иран армиясы Израильге кем дегенде 2000 зымыран атпаққа дайындалып жатқанын хабарлады.

Иран шабуылдарын жалғастыруда: дрондар Израиль әуе кеңістігіне енді

Израильдің Иранға жасаған шабуылы

13 маусымға қараған түні Израиль Ислам Республикасы ядролық қару жасауға жақындап қалғаны үшін Иранға қарсы "Арыстандай көтерілген халық" ("Восстающий лев") атты әскери операциясын бастаған. Бұл операция барысында ядролық және әскери нысандарға, сондай-ақ жоғары шенді әскери тұлғалар орналасқан аймақтарға соққы берілген.

Салдарынан Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қолбасшысы генерал-лейтенант Хосейн Салами, КСИР-дің Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы генерал Амир Али Хаджизаде, Иран Бас штабының жетекшісі Мохаммад Багери және өзге де ирандық әскери тұлғалар қаза тапты.

13 маусым кешке Иран жауап ретінде Израильге қарсы шабуыл жасап, жүзден астам баллистикалық зымыран ұшырды және ондаған нысанға соққы жасады. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеранның бұл әрекетін "қызыл сызықтан өту" деп бағалап, Иран "өте ауыр құн төлейтінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл "тығыз қоныстанған азаматтық аудандарға" бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer