Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі ресми жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі ресми жарияланды Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

UFC 34 жастағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sports.ru-ға сілтеме жасап.


Жалғас 6 мамырда Нью-Джерсиде өтетін UFC 288 нөмірлі турнирі аясында өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы америкалық Нэйт Манесс болмақ. Манесс UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегінде – Умар Нурмагомедов пен Тагир Уланбековтен жеңіліп қалды. Ал бұған дейін ол промоушенде үш жеңіске жетті.

Ал Жұмағұлов UFC аясында алты жекпе-жек өткізіп, бір ғана жеңіске жетіп, бес рет жеңілген. Жалғас үшін Манесспен жекпе-жек UFC-мен келісім бойынша соңғысы болмақ.

UFC 288 турнирінің басты оқиғасы Генри Сехудо мен Алджамейн Стерлинг жекпе-жегі болады. Сонымен бірге турнирде Чарльз Оливейр мен Бенеил Дариуш жұдырықтасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +36
Астана +33
Ақтау +31
Ақтөбе +21
Атырау +26
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +32
П
Павлодар +29
Петропавл +31
С
Семей +37
Т
Талдықорған +39
Тараз +43
Түркістан +18
О
Орал +29
Ө
Өскемен +43
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер