Жамбылда Қаратау қызғалдақтарына арналған геопарк ашылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысында табиғаттың қайталанбас байлығы – қызғалдақтарға арналған ерекше геопарк пайда болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында табиғаттың қайталанбас байлығы – қызғалдақтарға арналған ерекше геопарк пайда болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Бұл бастама Қаратау етегінде ұйымдастырылған "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі аясында таныстырылды. Мақсат – қызғалдақтың сирек кездесетін түрлерін сақтап, өңірдің табиғи, мәдени құндылығын әлемге паш ету.

Фестивальге Германия, Қытай, Үндістан, Нидерланд, Ресей, Украина, Қырғызстан, Түркия сынды елдерден келген ғалымдар мен экологтар, табиғат жанашырлары, ЮНЕСКО және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Қазақстан Парламентінің депутаттары мен министрлік өкілдері де бұл маңызды шараның бір бөлшегіне айналды.

Қонақтар ұлттық спорт түрлерін тамашалап, қолөнер көрмесін аралап, қызғалдақтан шабыт алған заманауи сән көрсетіліміне куә болды. Фестивальдің басты жаңалығы – қызғалдақ бейнесімен тоқылған, аумағы 200 шаршы метр болатын киіз кілем болды. Бұл ерекше туынды Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

"Жамбыл облысының қызғалдақтары – Қазақстан мен Нидерланды арасындағы мәдени көпір. Мұндай шаралар елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетеді", – деді Нидерланд Корольдігінің ауыл шаруашылығы кеңесшісі Ари Велдхаузен.

Бүгінде Жамбыл өңірінде қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Осы бай мұраны сақтау мақсатында Грейг, Кауфман және Регель қызғалдақтарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, Кіші Қаратауда геопарк құру жоспары талқыланды. Бұл жоба тек экожүйені қорғап қана қоймай, аймақты экотуризм орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

"Қызғалдақ мұра" фестивалі гала-концертпен аяқталып, көрермендерге жарқын әсер қалдырды. Жамбыл облысы көктем сайын алқызыл кілемге оранып, отандық және шетелдік туристер үшін нағыз табиғи көрме алаңына айналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer