13 сәуір 2022 | 10:00

Жеңілдетілген автонесие, "Қазақтелеком" акцияларының қайтарылуы. 12 cәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген министрліктерді атады. Жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатыны белгілі болды. "Қазақтелеком" акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекетке қайтарылды. Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға төмендеді. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген министрліктерді атады. Жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатыны белгілі болды. "Қазақтелеком" акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекетке қайтарылды. Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға төмендеді. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Бір айда қанша ресейлік қазақстандық ЖСН алды?

Қазақстанда 2022 жылғы наурызда жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктердің саны 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 14 есе артқан. Ішкі істер министрлігі өкілі былтыр Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алғанын айтты. Ал 2022 жылдың алғашқы үш айында ЖСН 12 840 ресейлікке берілген. Қазақстанда тіркелген ресейліктер саны 2022 жылғы наурызда өскен. Бір ай ішінде 10 995 Ресей азаматы ЖСН алған. 

Петропавл әкімі қала атын өзгерту туралы онлайн-петиция туралы пікір білдірді

Жұмабеков бұл петицияны мемлекет емес, жеке тұлға жасағанын атап өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік органдардың бұл бастамаға қандай да бір қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілмеген.

Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен кетті

Мемлекет басшысының өкімі бойынша Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды

Фото: t.me/bort_01

Қазақстанда өсімдік майы неліктен күрт қымбаттап кетті?

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың сөзінше, Қазақстанда шикізат пен материалдардың бағасы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты логистикалық іркілістердің әсерінен тез өсті. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс аясында экспорттық жеткізілімдердің азаюының әсерінен өсімдік майының бағасы бір айда 23,2 пайызға және дәнді дақылдар 17,1 пайызға өсті

Бюджет қаражатын игермеген министрліктер аталды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатының көп көлемі игерілмеген министрліктерді атады. Олар - денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері. Жамаубаев республикалық бюджет бойынша төрт триллион теңгеге жуық шығын жұмсалғанын айтты.

Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға төмендеді 

Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банктер шоттарындағы қалдықтардың азаюы және сыртқы қарыз бойынша төлемдер есебінен 1,2 миллиард долларға азайып, 33,2 миллиард долларды құрады. Ұлттық қордың активтері 52,7 миллиард доллар болды

Жеңілдетілген автонесие беру қашан басталады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бойынша шешім қабылданғанын, ол сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты. Оның айтуынша, осы айдың аяғында жоба іске асады. Шешім ресми түрде қабылданды

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов дүниеден өтті 

12 сәуірде 73 жасқа қараған шағында белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Академик Серік Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Темірхан Сақаұлы Тебегенов дүниеден озды. Қайғылы хабарды Филология институты естіртті

Фото: massaget.kz

Жылжымайтын мүлік нарығындағы "дағдарысты" кім жасап жүр?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай туралы айтты. ИИДМ басшысы елімізде "құрылыс саласында дағдарыс жоқ" деген сенімде. Оның сөзінше, кейбір құрылысшылардың дағдарыс туралы қандай да бір идеологияны құруға ұмтылысы бар. Қайырбек Өскенбаев құрылыс саласының маңыздылығын, тұрғындардың мүддесін ескеру қажеттігін айтты.

Алматы облысында мешіттерде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Қазіргі уақытта күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді. Талғар ауданының полицейлеріне ақпанның аяғынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл Ту және Панфилов ауылдарындағы мешітке келушілерден арыз түсе бастаған. Үнемі бетперде киіп жүретін қылмыскердің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір ол қамауға алынды. Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде тәркіленген бейнежазбалар, ұрланған телефондар мен қылмыс қаруы тіркелген. Тергеу барысында күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Фото: polisia.kz

Қазақстанда электр самокаттарына арналған ережелер мен стандарттар әзірленеді 

ОКҚ брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану мәселесі маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, жіктеудің және құрылғыларға қойылатын талаптардың болмауы реттеудің қажетті әдістерін, нарықтағы айналым, пайдалануға беру ережелерін және қауіпсіздік талаптарын заңнамалық түрде белгілеуге мүмкіндік бермейді. Сауда министрлігі осы типтегі тиісті ұлттық стандарттарды әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр.

Аймағамбетов Президентке білім саласы туралы есеп берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауда берілген тапсырмаларының орындалу барысы, министрліктің білім және ғылым жүйесін жақсартуға бағытталған бастамалары жөнінде баяндалды. Аймағамбетовтің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмалары аясында "Ғылым туралы" заңға өзгертулер енгізілген. Енді тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да салалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 мыңнан астам ғалым тұрақты еңбекақы алады.

Фото: Ақорда

Жамбыл облысының жаңа әкімі алғаш рет Тоқаевтың қабылдауында болды

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовті қабылдады. Жақында тағайындалған Жамбыл облысының жаңа әкімі Нұржан Нұржігітов Президентке өңірдегі жағдай туралы ақпарат берді. Әкімнің сөзінше, өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгеге жеткен. Одан бөлек, құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Фото: Telegram / Bort N1

"Қазақтелеком" акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекетке қайтарылды 

Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады. Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылданды. Сондай-ақ, "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Ерлан Қарин АҚШ Мемхатшысының орынбасарымен кездесті 

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесті. Ерлан Қарин елімізді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жүйелі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар туралы айтып берді. Өз кезегінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанның демократиялық үдерістерді одан әрі ілгерілету жолындағы іс-әрекетіне алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Фото: Ақорда

Павлодар мұнай-химия зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратура басшылығымен "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады. Ведомство мәліметінше, монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдаған.

ДДСҰ омикрон штамының жаңа түріне алаңдап отыр 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың омикрон штамының екі жаңа кіші түрін бақылап жатыр. ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус соңғы аптада COVID-19-дан өлім саны азайып жатқанын, бірақ вирус өте жұқпалы екенін, дамуын жалғастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, жаңа штамдардың иммундық қорғанысқа әсерін түсіну үшін қосымша зерттеу қажет. Бұл ұйымды алаңдатып отырған басты мәселе болып отыр

Франция 6 ресейлік дипломатты елден шығарды 

Францияның Сыртқы істер министрлігі ішкі барлау агенттіктері жүргізген тергеу нәтижесінде елдің ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет етті деген алты ресейлік дипломатты тыңшы деп жариялап, елден шығарды. Ресейдің СІМ өкілі Мария Захарова Францияның бұл әрекетіне міндетті түрде жауап болатынын білдірді. Еске салайық, осы айдың басында Франция 35 ресейлік дипломатты елден шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети