12 сәуір 2022 13:22

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: massaget.kz Сурет: massaget.kz

Бүгін, 12 сәуірде 73 жасқа қараған шағында белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Академик Серік Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Темірхан Сақаұлы Тебегенов дүниеден озды. Қайғылы хабарды Филология институты естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін, 12 сәуірде 73 жасқа қараған шағында белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Академик Серік Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Темірхан Сақаұлы Тебегенов дүниеден озды. Қайғылы хабарды Филология институты естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Темірхан Тебегенов 1949 жылы 18 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1972 жылы Қармақшы ауданындағы Қуаңдария атындағы №186 орта мектепте алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған ол 1974-1981 жылдары облыс орталығындағы №10 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Орта мектептегі қызметтік өсу жолы 1981-1991 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында жалғасты. Аталған институттың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, қазақ әдебиеті мен араб тілі кафедрасының меңгерушісі сияқты қызмет баспалдақтарынан өтті. 1992 жылы Халықаралық қазақ тілі қоғамы республикалық басқармасының мүшесі, Қызылорда облысы ұйымы басқармасының төрағасы қызметін де абыроймен атқарды.

Темірхан Сақаұлы еліміз Тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бері қазақ білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, кафедра меңгерушісі, Ұлы дала тұлғалары орталығының ғылыми қызметкері, Академик Серік Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры сияқты қызметтерді атқарды. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың аспирантурасында оқып, кандидаттық диссертация қорғаған ол Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2002 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

"Темірхан Сақаұлы өзі жұмыс істеген барлық құрылымда өзінің аса зор жауапкершілігімен, талапшылдығымен, іскерлігімен және еңбекқорлығымен, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленді. Педагогикалық қызметті ғылыммен тығыз ұштастырған ол 600-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде Ауызша авторлық поэзия, Әдеби шығармашылық өнер психологиясы, Әлем әдебиеттерінің поэтикалық үндестіктері мен ұлттық ерекшеліктері, Тәуелсіздік дәуірі әдебиеті, Шетелдердегі қазақ әдебиеті мұраларын жинау және зерттеу сияқты мазмұнды еңбектері бар. 6 монография, жоғары оқу орындарына арналған 10 оқу құралы мен оқулықтары жарық көрген. Шетелдік импакт-факторы бар журналдарда да ғылыми мақалалары жарияланған", - дейді Филология институтының өкілдері.

Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім саласын дамытуға арнаған Темірхан Тебегеновтің қажырлы еңбегі жоғары бағаланып, Қызылорда облысы "Қармақшы ауданының Құрметті азаматы", ҚР БжҒМ шешімімен "Ыбырай Алтынсарин" медалінің иегері, ТҮРКСОЙ-дың "Тоқтағұл Сатылғанов - 150" медалінің иегері, Түркі Әлемі Халықаралық "Қызыл Алма" сыйлығының лауреаты, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың "Үздік Түлек" медалінің иегері, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының "Ана тілі" арнайы медалімен және Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының, кәсіподақ ұйымының шешімімен "Үздік Ұстаз" медалімен марапатталды.

"Қашанда шәкірт жүрегіне жол тауып, оның қанатының қатаюына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздық еңбегінің өзі том-том еңбек. Аса білімді, парасатты ғалым, ардақты азамат, ақкөңіл, ақжарқын аға Темірхан Сақаұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети