11 мамыр 2020 14:15

Қазақстанда жаңа "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "5-10-20" атты жаңа тұрғын үй несиесін іске қосуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "5-10-20" атты жаңа тұрғын үй несиесін іске қосуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу жоспарланып отыр. 

"Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру маңызды. Бұл үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Ол үшін құрылымды жаңғырту керек. Үкіметтегілер "Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы Жинақ банкі негізінде "Отбасы банк" даму және қолдау институтын құруы керек. Елбасының "7-20-25" бағдарламасы ипотекалық несиелендіру мен тұрғын үй құрылысына үлкен септігін тигізді. Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу үшін жаңа "5-10-20" тұрғын үй несиесін жүзеге асыруды тапсырамын. Ол үшін 390 миллиард теңге бөлеміз", - деді Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети