13 мамыр 2020 12:05

"5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың шарттары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдері "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар не білуі тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдері "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар не білуі тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы банк басқармаасының төрағасы Ляззат Ибрагимова айтып берді.

  • несие мөлшерлемесі - 5 пайыз;
  • алғашқы жарна - 10 пайыздан;
  • несиелеу мерзімі - 20 жылға дейін.

"Пилоттық жобаның қатысушысы әкімдікте баспана мәжбүр қазақстандықтардың тізімінде тұруы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтардағы жағдай бойынша кезекте 540 мың адам тұр, олардың ішінде: 212,5 мыңы - мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер; толық емес отбасы санатындағылар - 120,5 мың адам, жетім балалар - 60,8 мың, көпбалалы отбасылар - 47,8 мың мүгедек балалары бар отбасылар - 21,1 мың адам, зейнеткерлер - 18 мың және тағы басқа санаттағы 16 мың адам бар", - деді Ибрагимова.

Банк басқармасының төрағасы несиенің максимал сомасы әр өңірге байланысты:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың шет аумақтарының тұрғындары үшін 18 миллион теңгеден аспайды;
  • Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары үшін 15 миллион теңгеден аспайды;
  • Қалған өңірлер үшін 12 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Ибрагимова бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер тек жылдың соңына қарай берілетінін айтты.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда жаңа "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны хабарланған еді. Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу жоспарланып отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети