Қазақстанда қанша адам ТikТоk қолданады?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: gov.kz Сурет: gov.kz

30 мамырда ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ресейдегі TikTok әлеуметтік желі өкілдігінің бас директоры Сергей Соколовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

30 мамырда ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ресейдегі TikTok әлеуметтік желі өкілдігінің бас директоры Сергей Соколовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында министр қонақтарды ведомствоның қызметімен қысқаша таныстырып, бүгінде TikTok жастар аудиториясы ғана емес, интернет кеңістігіндегі ең ірі әлеуметтік платформалардың біріне айналғанын атап өтті. Қазір ТikTok - қолданушыларды қамту ауқымы жағынан Instagram және Facebook әлеуметтік желілерімен қатар тұратын танымал платформа.

Асқар Омаров Қазақстанда тикток-хаустар болып біріккен танымал отандық блогерлердің белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.

Сергей Соколов ТikТоk платформасын бүкіл әлемде 2 миллиардтан аса адам қолданатынын, оның ішінде Қазақстанда ТikТоk-тың 7 миллионнан аса қолданушысы бар екенін атап өтті. 4 жыл ішінде ТikТоk өз қолданушыларына ойын-сауық, пайдалы әрі мазмұнды контент ұсына бастаған.

Сонымен қатар, ол танымдық контентті күшейту туралы ұсынысты қолдап, Қазақстанда тарих, туризм, мәдениет, білім және ғылым, театрлар мен мұражайлар туралы мазмұнды контент қалыптастыратын жаңа бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынды.

Бұдан бөлек, осы кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Закиева да қатысты. Өз тарапынан ол балалар мен жастардың мәдени, құқықтық және цифрлық сауаттылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңызын айтты.

Шара қорытындысы бойынша тараптар өзара тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

 

Сурет: gov.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer