16 қыркүйек 2023 12:01

Қазақстанда спутниктік телехабар тарату қалпына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда спутниктік телехабар тарату қалпына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда спутниктік телехабар тарату қалпына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 16 қыркүйек күні сағат 10:11-де спутниктік хабар тарату қалпына келтірілгенін хабарлады. Министрлік келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ тобы таңғы уақытқа дейін елдегі телерадио хабарларын таратуды қалпына келтірді. Басқа байланыс қызметтерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ KazSat-3 ғарыш аппаратындағы апаттық жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, 15 қыркүйекте KazSat-3 байланыс спутнигінің жұмысында ақау пайда болып, спутниктік телерадио хабарларын тарату қызметі уақытша тоқтатылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.87   490.7   5.38 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети