ҚР СІМ Ирандағы қазақстандықтар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ Ирандағы қазақстандықтар туралы айтты Isna/Telegram видео кадры

Ирандағы шабуылдан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ирандағы шабуылдан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Иран аумағында 96 қазақстандық жүр.

"Олардың 18-і - дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-еуі - студент, 70 адам "Заркух" зауытында еңбек етеді. Алты қазақстандық Иранда жеке шаруасымен жүр. Қазір Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері Ирандағы азаматтарымызбен тұрақты байланыста екені нақтыланды.

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбіде Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы ауқымды әскери операцияға кіріскенін мәлімдеді. Бұған дейін Израиль Иранға қарсы "алдын алу шабуылын" бастаған болатын. Хабарларға қарағанда, Иран астанасында кемінде бес жарылыс болған.

Бұған жауап ретінде Иран Израильге және БАӘ, Бахрейн, Қатар мен Кувейттегі америкалық базаларға шабуыл жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +29
Ақтау +19
Ақтөбе +16
Атырау +18
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +30
П
Павлодар +18
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +28
Тараз +33
Түркістан +18
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер