Қызылордада облыс әкімін тағайындау бойынша депутаттар жиыны өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада облыс әкімін тағайындау бойынша депутаттар жиыны өтеді Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Қызылордада облыс әкімін тағайындау бойынша депутаттар жиыны өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада облыс әкімін тағайындау бойынша депутаттар жиыны өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті хабарландыру Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының сайтында жарияланды. Жиын ертең, 8 мамырда өтеді.

"Президенттің № 912 Жарлығына сәйкес, өңір әкімін тағайындауға келісім беру үшін Қызылорда облысы мәслихаттары депутаттарының жиыны 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді", - делінген хабарландыруда.

Анықтама: Президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру ережелерін бекіту туралы" Жарлығы.

Депутаттарды тіркеу таңғы сағат 8-де басталатыны нақтыланды.

Бұған дейін 2022 жылғы сәуірден 2024 жылғы мамырдың басына дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін Нұрлыбек Нәлібаев атқарды. Кеше ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Еске салайық, 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +24
Ақтау +26
Ақтөбе +24
Атырау +32
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +28
П
Павлодар +20
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер