12 шілде 2023 19:52

Оралда Jaiq Hub кеңсесі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Орал шаһарында Jaiq Hub кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және IT мамандары қатысты. Jaiq Hub кеңсесінің жұмыс жоспарымен танысқан министр бірнеше маңызды жобаға қолдау танытатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Орал шаһарында Jaiq Hub кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және IT мамандары қатысты. Jaiq Hub кеңсесінің жұмыс жоспарымен танысқан министр бірнеше маңызды жобаға қолдау танытатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Jaiq Hub өңірімізде инновациялық жобаларды әзірлеумен, IT саласындағы кадрларды оқытумен айналысады. Олар сондай-ақ жергілікті IT-қауымдастықтарды – стартаптар, инвесторлар, тәлімгерлер қауымдастығын құрады, оған барлық мүдделі тұлғалар қосыла алады. Инкубациялық және стартап жобаларды әзірлеу кезінде кәсіпкерлікке оқыту, инвестицияларды тартуға көмек көрсету, қаржылық есеп және PR бойынша қолдау көрсетіледі.

"Jaiq хаб Батыс Қазақстан облысындағы жастар мен IT қоғамдастығы үшін тартымды орталық болады деген сенімдеміз. Біз аймақта Astana Hub білім беру бағдарламаларын таратуды, стартаптар үшін инкубациялық бағдарламаны және IT қауымдастығы үшін түрлі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. jaiq хабының ашылуы аймақтың IT секторын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Жастардың арманын жүзеге асырып, ІТ саласында табысқа жетуге көмектесетініне сенімдіміз", - деді Astana Hub даму кеңсесінің аймақтық директоры Аида Дусова.

Өңірлерде жобаны жаңадан бастаушыларға арналған Startup School онлайн тренингі, кодты қолданбай IT өнімдерін әзірлеу дағдыларын дамытуға арналған No Code курстары және Startup Academy технологиялық кәсіпкерлік бағдарламасы бар. Сондай-ақ, әртүрлі офлайн және онлайн кездесулер, тренингтер ұйымдастырылып, онда табысты IT-кәсіпкерлер IT, сату, стратегия және маркетинг туралы тәжірибелерін бөліседі.

Айта кету керек, Astana Hub биыл бүкіл ел бойынша 17 аймақтық IT хаб ашуды мақсат етіп қойған. Бүгінде олар Jaiq хабтан басқа Қазақстанның Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе және Семей қалаларында жұмыс істейді.

Бұдан соң ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда облыс халқымен кездесті. Жиында ведомоство басшысы байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кездесу соңында министр жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды БҚО әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети